Қазақстан президентінің бұрынғы кеңесшісін өлтіріп кетті – БАҚ

Қазақстан президентінің бұрынғы кеңесшісін өлтіріп кетті – БАҚ

фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілер мен бірқатар ақпараттық арналарда Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабакумаровтың қаза тапқаны туралы хабар тарады.

Дереккөздердің мәліметінше, оқиға Астанада өткен түнде болған. Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың нақты мән-жайын анықтау үшін құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр.

Бұл хабар қоғамда үлкен резонанс туғызды, әлеуметтік желі қолданушылары марқұмның отбасына көңіл айтып, елдің назарын аударды.

Айта кетейік, Ержан Бабакумаров 2019-2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымында болған.