фото: instagram.com/gggboxing. Суретте: Геннадий Головкин
Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов биыл өтетін IBA әлем чемпионатына ұлттық құраманың дайындығы жайлы айтып өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Біз команда құрамын жасақтап қойдық. Боксшыларымыз жеткілікті. Қараша айында Италияда World Boxing ұйымының президентін сайлау өтеді. Сол жерде нақты шешім қабылданады. Егер "қатыса аласыздар" десе – біз құраманы жарысқа жібереміз", – деді Ақшалов.
Айта кетейік, Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) әлем чемпионаты 2-13 желтоқсан аралығында Дубайда (БАӘ) өтеді.
Бұл жарыс тарихтағы ең ірі сыйақы қорымен – 8 миллион АҚШ долларымен ерекшеленеді.
Алайда спорт мамандары арасында "егер Геннадий Головкиннің World Boxing ұйымының президенті атанса, қазақ боксшылары ІВА жарыстарынан шеттетіледі" дегендей сыбыс бар.