фото: ашық дереккөзден
Танымал әнші Жігер Ауыпбаев "Таңшолпан" бағдарламасына қонақ болып, шәкірті – "қойшы бала" атанған жас талантпен арадағы қарым-қатынасы туралы ашық айтты.
Әншінің айтуынша, екеуінің шығармашылық байланысы соңғы бес ай көлемінде үзіліп қалған. Дегенмен бұл уақыт аралығында жас орындаушы өз дамуын жалғастырып, гитара мен домбыраны үйреніп үлгерген.
"Қойшы баламмен бір ән жазылды, одан кейін бейнебаян түсіреміз дедік. Бірақ менің басымда жеке проблемалар көбейіп кетті. Бәрі енді реттеле бастады. Шығыс Қазақстан жаққа гастрольдік сапармен бара жатырмыз, өзіммен бірге қойшы баланы алып кетем деп отырмын. Екеуміздің байланыспай кеткенімізге 4-5 ай болған шығар. Сол уақыт аралығында ол бала дамыпты, байқауларға қатысып, жүлделі болыпты", – дейді әнші.