фото: ашық дереккөзден
Әнші Сырым Исабаев журналист Аман Тасығанның бағдарламасында қонақ болып, өнер жолындағы тәжірибесі мен көпшілікті қызықтырған сұрақтарға ашық жауап берді.
Сұхбат барысында әнші кезінде Қайрат Нұртаспен бірге жұмыс істеген кезеңін еске алып, олардың шығармашылық байланысының не себепті үзілгенін түсіндірді.
"Жетпей қалған әндер бар. Біз махаббатты тауысып, басқа да тақырыпты қозғағымыз келді. Шүкіршілік әнімізді айттық. Бірақ әке мен анаға, табиғатқа, арамыздағы достық қатынасты жеткізетін ән жетпеді. Осындай дүниелер жетіңкіремей қалды. Әйтпесе бізде бірге ән айтуға ниет болды. Ән табылмай қалғаннан кейін бөліну болды. Ескі әннің тізесін шығарып айта бергіміз келмеді", – деп жауап берді тасада қалған әнші.
Әншінің бұл сөзі әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды. Көпшілік Сырымның талантын жоғары бағалап, пікір қалдырды.
"Қайраттың шешесі Сырымды шеттетіп жіберді. Әйтпесе Сырымның дауысы керемет", "Мейрамбектен кейінгі талант осы ғой", "Гүлзира ханым екеуі бірге жүрсе, халықтың ықыласы Сырымға ауып кететінін білді. Қызғаныш болды, өті жарылып кетсе де шындық", "Сырымды Қайроштың мамасы құртты. Бәріміз білеміз бұны", – деді олар.