фото: olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин
Әлемге танымал америкалық бокс агенті, кеңесші және инсайдер Рик Глейзер орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинді (GGG) Халықаралық бокстың Даңқ залына енгізуге лайық деп есептейді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Спорт маманы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Міне, мен Халықаралық бокстың Даңқ залына "Қазіргі заманғы боксшы" санатында енгізілуі тиіс деп дауыс берген үш спортшы:
1.Геннадий Головкин (GGG) – бәрі түсінікті. Көп жылдар бойы чемпион болып, "Канело" Альвареспен өткен аңызға айналған жекпе-жектердің авторы.
2.Крис Джон – бүкіл Индонезияның мақтанышы. Әлем чемпионы атағын 16 рет қорғаған, Хуан Мануэль Маркес пен Деррик Гейнерді жеңген. Бір салмақта он жылға жуық үздік болды.
3.Вильфредо Васкес (үлкені) – үш түрлі дивизионда әлем чемпионы атанған, ешкімнен қашпай, барлық қарсыласымен айқасқан нағыз батыр", – деп жазды Глейзер.