Сүйінші, ағайын! Сәбит Әбдіхалықов бар қазақты қуантатын жаңалығын айтты (ФОТО)

Сүйінші, ағайын! Сәбит Әбдіхалықов бар қазақты қуантатын жаңалығын айтты (ФОТО)

фото: Youtube/El KZ. Суретте: Сәбит Әбдіхалықов

Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.

Актер жақында ғана "Құрмет" орденінің иегері атанған Қанат Тілеуханға жылы лебізін білдіріп, анасының рухына тағзым етті.

"Орден мені екі күн бойы қуып жүріп, ақыры тапты. Бір қарасаң, күлкілі; бір қарасаң, өмірдің өз шындығы. 24-і күні таң ата Алматы қаласы әкімшілігі шақыртыпты.
– Медаль туралы әңгіме жазып, медальдің мәнін кетірген жазушыға "Құрмет" ордені беріледі, – депті.
Барсам, расымен де тізімде атым бар. Бірақ… орден жоқ.
Шенеуніктер абыр-сабыр:
– Ойбай, сіз облыста тұрады екенсіз ғой! Орденіңіз сол жаққа кетіп қалыпты, – дейді кешірім сұрап. "Аяғы бар орден екен" деп өзімше күліп, үйге қайттым. Сөйтсем, бұл әңгіме әлі біткен жоқ екен. Кешке облыстан хабар келді:
– Сіздің орденді министрдің өзі тапсырады, ертең, 25-і күні, – дейді. Мына орденнің тек аяғы емес, жүйріктігі де бар екен. Біресе қалада , зу етіп облыста, енді министрлікте. Сол күні министрліктен телефон шалынды:
– Ертең, 25-і күні, сағат 11-де беріледі. Жуынып-шайынып, қырынған күйде, соңғы алған костюм-шалбарыңызды киіп, Абай атындағы Опера және балет театрына келе қаласыз, – деді. Мен сәл кідіріп:
– Келе алмаймын, сағат 12-де анама ас беріп жатыр едім. Орденді доставкамен жібере алмайсыздар ма? Ақшасын өзім төлейін, – дедім әзіл аралас. Телефон ар жағындағы дауыс сәл жымиғандай болды да:
– Жоқ, болмайды. Сағат 10:45-те келіңіз, министр өзі бал тамған бармақтарымен соғып тұрған жүрегіңіздің үстіне сездірмей тағып береді, – деді. Сөйтіп, мені екі күн бойы қуған орден ақыры өз жылы орнын – кеудемді – тапты. Кішкентай ғана металл белгі, бірақ артында үлкен өмір, үлкен еңбек, және, ең бастысы, елдің құрметі бар екен.
…дейді «Құрмет» орденінің иегері Қанат Тілеухан. Қанатжан, анаңыздың жаны Жаратқанның нұрында болсын. Асыңыз қабыл, еңбегіңіз қадірлі болсын. Құрмет ордені – ел жүрегінің ыстық лебізі, сол лебіз кеудеңізге мәңгі жылу болып қонсын", – деп жазды Сәбит Әбдіхалықов.

Admin
Admin
Автор