20 жыл көше сыпырған ер азамат Тоқаевтан марапат алып, көзіне жас алды (ВИДЕО)

20 жыл көше сыпырған ер азамат Тоқаевтан марапат алып, көзіне жас алды (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Республика күні қарсаңында қарапайым еңбегімен ел құрметіне бөленген азамат – Базарбай Әбілқазы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

Базарбай Әбілқазы Қытайдан тарихи Отанына қоныс аударып, соңғы 20 жылдан астам уақыт бойы "Алматы Тазалық" мекемесінде жұмыс істеп келеді. Республика күніне орай марапатты оған Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Президент жарлығымен табыс етті.

"Республика күні құтты болсын! Мен Қытайда туып-өстім. Қазақстан тәуелсіз ел болғанда, жүрегімде "сол елге барып, тіпті көше сыпырсам да, елге пайдам тисін" деген арман болды. Сол ниетіммен “Алматы Тазалыққа” жұмысқа тұрдым. Еңбегімді елеп, бағалағаны үшін Президентімізге алғыс айтамын", – деді ол толқып.

Базарбай Әбілқазының қарапайым еңбегіне адалдықпен қарауы мен елге деген сүйіспеншілігі жұртшылықты тебірентті.

Admin
Admin
Автор