фото: ijf.org. Суретте: Әбиба Әбужақынова
Дзюдодан Қазақстан құрамасы БАӘ-де өтетін ірі додаға қатысады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
28-30 қараша аралығында Абу-Дабиде дзюдодан "Grand Slam" (Үлкен дулыға) кезеңі өтеді.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан қатысатын спортшыларының тізімі төмендегідей:
Әйелдер құрамасы (3 спортшы):
- 48 кг: Әбиба Әбужақынова
- 57 кг: Бақыт Құсақбаева
- 63 кг: Эсмигуль Куюлова
Ерлер құрамасы (11 спортшы):
- 60 кг: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан
- 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев
- 73 кг: Есет Қуанoв
- 81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Азат Құмысбай
- 90 кг: Ермахан Ануарбеков
- 100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байкамуров – QAZAQSTAN BARYSY-2025 чемпионы
- +100 кг: Еламан Ерғалиев
Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, жарысқа қатысушылар құрамында өзгерістер болуы мүмкін.