Қазақстан әлде Өзбекстан: Азия ойындарында финалға қай елдің боксшылары көп шықты?

Қазақстан әлде Өзбекстан: Азия ойындарында финалға қай елдің боксшылары көп шықты?

фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бахрейнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы үшінші Азия ойындарында бокстан финалға шыққан спортшылардың тізімі анықталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары жарыс барысында бірдей нәтиже көрсетіп келеді – жартылай финалда екі елдің де 10 боксшысы болған, ал енді финалдық кезеңге 8 спортшыдан өтті.

Қазақстан құрамасының финалға шыққан өкілдері:

  • Аяулым Оспанова
  • Камила Оспанова
  • Эльнура Қонырат
  • Арман Мырсабит
  • Жұмағали Нұрмахан
  • Досжан Жұмақан
  • Даниял Шалқарбай
  • Мұхамедәлі Рүстембек

Өзбекстан құрамасының финалистері:

  • Кумринисо Мухаммадова
  • Рушанабону Исоева
  • Самира Турғунова
  • Абдугани Еркинжонов
  • Иброхим Шокиржонов
  • Саидхужа Садиллахужаев
  • Диербек Муродиллоев
  • Асадбек Султанбаев

Осылайша, екі ел де 8 спортшыдан финалға өткізіп, Азия ойындарындағы бокс турнирінде тең нәтиже көрсетті.