Күтпеген жаңалық! Бокс аңызы Головкин шаршы алаңға қайта оралмақ

Күтпеген жаңалық! Бокс аңызы Головкин шаршы алаңға қайта оралмақ

фото: instagram.com/tomloeffler1. Суретте: Геннадий Головкин

Кәсіпқой бокстағы бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Сергей Липинец Геннадий Головкиннің абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфордпен айқасуға неге мүдделі екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Геннадийдің кез келген қарсыласты жеңуге мүмкіндігі бар. Ол өте қатты соққы жасайды әрі дене тұрқы бойынша қарсыластарынан ірі. Ал Кроуфорд болса, керісінше, жылдам салмақ қосып, рингте өзін қожайын сияқты сезінді. Ол "Канелодан" да мықтырақ көрінді. Физикалық тұрғыдан Кроуфорд өте жақсы дайындалған, қуатты боксшы", – деді Липинец.

Оның айтуынша, Головкинге Кроуфордпен айқас оңайға түспейді.

"Соңғы жекпе-жегінде Головкиннің реакциясы бұрынғыдай болмады. Бірақ, соған қарамастан, ол үшін бұл кездесу қызық әрі пайдалы болмақ. Біріншіден, жақсы қаржылық сыйақы алады, екіншіден, ол қайтадан боксқа оралсам деп жүр. Сондықтан Головкиннің екі басты мақсаты бар – ақша табу әрі өз орнын қайта дәлелдеу", – деді боксшы.

Айта кетейік, бүгінде Геннадий Головкиннің жасы 43-те. Ол соңғы жекпе-жегін үш жыл бұрын өткізіп, Сауль "Канело" Альварестен үшінші рет жеңілген еді. Жақында Головкин қайта рингке шығуға ниетті екенін мәлімдеді.