Өзбекстанда қазақтың ең мықты боксшысын анықтап, тәнті болды

Өзбекстанда қазақтың ең мықты боксшысын анықтап, тәнті болды

фото: olympic.kz. Суретте: Махмұд Сабырхан

Өзбекстандық Zamin.uz басылымы халықаралық World Boxing ұйымының жаңартылған рейтингіне назар аударып, қазақтың үздік былғары қолғап шеберлерін атады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Мәліметке сәйкес, World Boxing ұйымының соңғы ресми рейтингінде Өзбекстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасқан. Ал Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленген.

Өзбекстан атынан сынға түсетін 6 спортшы өз салмақ дәрежелерінде үздік деп танылды. Олар:

  • Абдумалик Халоков (60 кг)
  • Асадхуджа Муйдинходжаев (65 кг)
  • Фазлиддин Эркинбоев (75 кг)
  • Жахонгир Умматалиев (80 кг)
  • Акмалжон Исроилов (85 кг)
  • Туробек Хабибуллаев (90 кг)

Ал қазақ спортшылары арасынан көшбасшылар ретінде: Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Айбек Оралбай (+90 кг) танылды.

Осылайша, өзбек боксшылары 10 салмақтың 6-ында, ал қазақ спортшылары 4 салмақта көш бастап тұр.