фото: ашық дереккөзден
Танымал дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі жазбасында анасына деген сағынышын жүрек тебірентер сөздермен жеткізді.
Оның бұл жазбасы талай жанның жүрегіне әсер етті.
"Мама қалайсыз? Сізбен осылай амандаспағалы 1 жарым жылдан асыпты, сіздің дауысыңызды естімегелі сіз жақтан қоңыраулардың да сейілгеніне біраз уақыттар болыпты. Сіз менің сарқылмас байлығым, өмірдегі ең жақыным, сырласым, мұңдасым едіңіз... Кенжем деп ешкімнен кем қылмай, менің жарқырап шығатыныма, елге танылатыныма сендіңіз. Дұғаңызды үзбедіңіз. Сол дұғаңызға мұқтажбын. Менде қазір бәрі бар шүкір. Бірақ сіз жоқсыз. Сіз ғана жетпейсіз маған. Жүрген жерімде ақ жаулықты ана көрсем еркелегім кеп тұрады. Сізге ұқсаған апаларды іздеймін. Даусыңызды, нұрлы жүзіңізді, аялы алақаныңызды аңсадым", – деп жазды Наркенже Серікбаева.
Наркенже анасына деген сағынышын, өткен күндердің жылулығын еске алып, аналық мейірімнің орнын ештеңе толтыра алмайтынын айтып өтті. Ол анасын еске алып, жүрегіндегі өкініш пен сағынышты әсерлі түрде суреттейді.
"Мама сіздің орныңыз,сіздің қасымда жоқтығыңыз маған қатты білініп жүр. Қасыма келіп әңгіме айтшы дейтін едің, бүгін сол әңгімені айтайын, менде сынақ болды біреулер даттаса,біреулер мақтап жатты ол сынақтанда Алла қалап өттім,шаңырағымда Алланың қалауы мен қуанышты күн болды. Саяшыңды ұзаттық Алла қалап той жасадық барлығы жақсы болды,жаныма жақын жандардың барлығы тойыма ортақтасып жатты,бірақ бір өкініштісі ішінде сол тойда сіз ғана жетіспей тұрдыңыз, мама. Мұхамеджаным 5 жасқа, Хадия 4 жасқа қадам басып жатыр Аллаға шүкір,кейде мені бір өзі қалмасын дейтін едің әпкелерім,ағаларым кезекпен кезек келіп тұрады,олда болса өзіңіздің айтып кеткен ақылыңыз,сен қайда барсаң сонда жүре берем деп,көлігімнің артын отырушы едіңіз қәзір сол көлігімнің арты да бос. Жарайды, мама, көп сөйлеп миыңызды ашыттымғой деймін,мен сізді сағындым мама… Аналарыңыздың қадірін біліңіздер, қасында көбірек жүріңіздер. Шәй ішіп, сөйлесіп, сырласыңыздар. Бар жақсыны әперіп, қыдыртыңыздар… Анасы бар адамдар қандай бақытты!" – деп жазды өнер иесі.