«Қорқып кеттім»: Шерзат Полаттың мәйітін тексерген сарапшы тың сол кездегі сезімін айтты

«Қорқып кеттім»: Шерзат Полаттың мәйітін тексерген сарапшы тың сол кездегі сезімін айтты

фото: youtube.com/@SupcourtRK

Тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Шерзат Полаттың қазасына байланысты тергеу кезінде өзінің қандай қорқыныш сезінгенін ашық айтты. Бұл туралы Sportinside.kz порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшы өз сөзінде мәйіттермен жұмыс істеуден емес, басқа дүниелерден қорқатынын жеткізді. Оның айтуынша, биіктік пен жер сілкінісі — өміріндегі басты үрей көздері.

«Маған мәйітханамен байланысты жұмыстар қиын емес. Бірақ шынымды айтсам, биіктен қорқамын. Мысалы, үшінші қабаттан жоғары тұратын туысым қонаққа шақырса, бара алмаймын. Балконнан төмен қарасам, денем түршігеді. Сол сияқты жер сілкінісі де мен үшін ауыр сезім тудырады. Шерзат Полат ісі бойынша сотта сөз сөйлеп тұрған сәтте, дәл сол кезде жер сілкінісі болып, сәл қобалжып кеттім», – дейді Тахир Халимназаров.

Сараптамамен бірге сот процесіне қатысқан марқұмның әкесінің адвокаты Мейірман Шекеев те бұл сәтке қатысты пікірін білдірді.

«Көпшілік мәйіттен қорқады, ал бұл азамат сол ортаның ішінде жұмыс істейді. Сол күні залда дүмпу сезіліп жатса да, мен тек қойған сұрағыма толық жауап алуды ойладым. Тіпті судьяға «Бісміллә деп жалғастырайық» деп те айттым», – дейді заңгер.