фото: ашық дереккөзден
Ресейлік актер Роман Попов 41 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Mash Telegram арнасы хабарлады.
Ол "Полицейский с Рублевки" телехикаясындағы Игорь Мухич рөлі арқылы көпшілікке танылған.

Тамыз айында Попов жеті жыл бұрын қойылған ми ісігінің қайталанғанын айтып, сырқаты жайлы бөліскен болатын. Сол кезде ол оң көзінен мүлде айрылып, сол көзінің көру қабілеті де әлсірегенін, күнделікті өмірде жақындарының көмегіне мұқтаж екенін жеткізген. Қыркүйек айында ол химиотерапия курсынан өткен еді.
Роман Попов қарапайым әрі аңғал, бірақ сүйкімді тергеуші Игорь Мухичтің рөлін сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ ол "Детективное агентство Мухича", "Девушки бывают разные", "Каникулы президента", "Любовь в нерабочие недели", "Бумеранг" және "Убить босса" фильмдерінде де ойнаған.
Әріптестері мен көрермендері Роман Поповты ерекше энергиясы мен табиғи юморы бар, талантты комедиялық актер ретінде еске алып, оның бейнесі ел жадында ұзақ сақталатынын жазуда.