фото: ашық дереккөзден
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы, актриса әрі тележүргізуші Мөлдір Мұқан Instagram парақшасында жүрегін ауыртқан шындықтарымен бөлісіп, жан сырын ақтарды.
Өнер иесі өз жазбасында өмірінде талай алданғанын, соған қарамастан үндемей, бар ауыртпалықты іштей көтергенін жеткізді.
"Көпке сеніп, өзін ұмытқан жан... Бәрін көріп тұрса да үндемеді. Көзі шындықты байқап тұрса да соқыр болды. Сезімі айқайлап жатса да саңырау болды. Себебі ол сенді. Сендім деп, сатқындықты өз қолымен құшақтады", – деп жазды Мөлдір Мұқан.
Актрисаның айтуынша, ең ауыр соққы – бөтеннен емес, ең жақын адамнан келген сатқындық екен.
"Кезінде жүрегіне махаббат сыйлаған жан, жүрегін жаралап тастап кетті. Жақын адамнан келген соққы бөтеннің тасынан да ауыр екенін кеш ұқтым", – дейді ол.
Мөлдір Мұқан алдағы уақытта жарық көретін «Шай в большом городе» фильмінің әйелдер тағдыры туралы екенін атап өтті.
"Бұл – көп әйелдің іштей күліп, сырттай сынып жүрген шындығы. Бойдағы үнсіздікке дабыл қағатын, өзімізді ұмытпау үшін айтылар ішкі үн. 20 қарашадан бастап барлық кинотеатрларда көрсетіледі. Келіңіз, көріңіз! Бәлкім, өзіңізді табарсыз", – деп жазды ол.