фото: ашық дереккөзден
Белгілі театр және кино актері Бауыржан Қаптағай балалық шағындағы ауыр естелігін айтып, жұрттың жүрегін тебірентті.
Өнер иесі өмірінің ең қиын кезеңдерінің бірін еске алып, өзінің досы Мәди туралы көзіне жас алып сыр шертті.
"Мен осы күнге дейін Мәди досым түсімнен шықпайды. Досым ғой... Бір төсекте ұйықтайтынбыз. Ұрлыққа барсақ, бірге барушы едік. Спортқа жақын едік... Ал бұл қаза машинадан болды. Қасымызда Сәбит деген досымыз болды. Жаңа сұрадық, "гаражға апарып қоя салыңдар" деді. Бізге рақат, машина қоямыз дедік. Мен сол кезде машина айдайтын жақтағы кабинаға жабысып қалдым. Сол кезде "авария" деген сөзді естіп қалдым. Сосын қайта шығып кеттім. Сол кезде Мәди шырылдайды. Сол кезде борт ұрып, дөңгелектің астына түсіп кетіпті. Енді баламын ғой, "тұр, Мәди" деймін. Бірақ аман алып қала алмадық... Егер сол машинаға отырмасам, сондай жағдай болмас еді ғой... Мойныма алдым. 8 ай түрмеде отырдым", – деді Бауыржан Қаптағай.