Дәурен Айдарқұлов үшінші әйеліне құда түсіп, ұзатып алды (ВИДЕО)

Дәурен Айдарқұлов үшінші әйеліне құда түсіп, ұзатып алды (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов тағы да үйленді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Желіде актердің ұзату тойынан бейнежазба тарады. Бейнекадрларда Дәуреннің үшінші рет шаңырақ көтергені байқалады. Өнер иесі бұл жаңалығын өз парақшасында да жариялап, қуанышын бөлісті.

“Мен үйлендім. Аллаға шүкір! Әйелімнің есімі – Жұлдыз”, – деп жазды ол.

Актердің бұрынғы жұбайы, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова да экс-күйеуін құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

“Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын”, – деп жазды актриса.

Әлеуметтік желі қолданушылары актердің жеке өмірін қызу талқылап, түрлі пікір қалдырды.

“Ес білгелі үйленіп жүр”, “Балалары өсіп қалғанда ұят емес пе?”, “Қандай сұлу қызды алып жатыр?!”, “Біз етікті бұлай тез ауыстырмаймыз ғой”, “Әдемі қыздарға жабысады екен”, “Екі әйелін бақытты ете алмаған адам үшіншісін де ұстай алмайды” — деген сынды пікірлер көптеп жазылды.

Admin
Admin
Автор