фото: ашық дереккөзден
Желіде актриса Мөлдір Мұқанованың бірнеше жыл бұрын берген сұхбаты қайта тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Сұхбат барысында Мөлдір Мұқанова күйеуі, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың үй шаруасына араласуына қарсы екенін ашық айтты.
"Ер адамның үй шаруасына араласып, ас бөлмесінде жүргеніне қарсымын. Тіпті қоқыс шығаруға да болмайды. Ер адамды бос жіберіп, тамағын дайындап, үйіңді жылы ұстап, бала-шағаңа қарап, өзіңді кішкене дұрыстап қойып күтіп отырсаң үйдің ішінде береке болса, ол қоқыс шығару керек, нан алу керек деп алаңдап жүрмес жұмысында өседі", – дейді Мөлдір Мұқанова.
Актриса сонымен қатар күйеуінің екінші әйел алуына қатысты көзқарасын да ашық жеткізді.
"Мен қарсы боламын. Мен дап-дайын, әдемі, сүйкімді күйеуімді ешкіммен бөлісе алмаймын. Кешіріңіздер, жоқ! Мен қызғаншақпын. Тұрсынбек олай айта алмайды, ондайға көнбейтін адаммын", – деді ол.