фото: ашық дереккөзден
Белгілі театр және кино актері Бауыржан Қаптағай өмірінің бір кезеңіндегі қиын сәт туралы ашық айтты.
Өнер иесі өзінің ұстазы, қазақ театр өнерінің тарланы Асанәлі Әшімовке қатысты бір қателігін мойындап, кейін кешірім сұрағанын жасырмады.
"Байқамай, елге ілесіп, Асанәлі Әшімовтің артынан қол қойып жібергенім бар. Кейіннен өзінен кешірім сұрадым. Өйткені ұстазым болды ол кісі. Бізде білесің ғой, Әзірбайжан Мәмбетовтің үстінен де арыз жазылды. Тұңғышбайдың үстінен де арыз жазылды. Жаман болдым өзім", – деді Бауыржан Қаптағай.