фото: ашық дереккөзден. Суретте: Темірлан Анарбеков
"Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков Орталық стадионда белгісіз бір қызбен көзге түсті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Темірлан Атырау қаласында дүниеге келген және футболдағы алғашқы қадамын туған клубында жасаған.
2017 жылдың қарашасынан бастап "Қайрат" академиясының тәрбиеленушісі атанды.
2020 жылы небәрі 17 жасында Премьер-лигадағы алғашқы ойынын "Таразға" қарсы өткізді (0:1).
2022 жылы "Қайрат-Жастар" командасының капитаны болды.
2024 жылғы маусымын елордалық "Жеңіс" клубында жалға ойнап, командасымен бірге Лига кубогының финалына дейін жетті.
Ал оның нағыз жұлдызды сәті 2025 жылдың 26 тамызында туды. УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде "Селтикке" қарсы өткен шешуші матчта (0:0) Темірлан пенальти сериясында үш соққыны қайтарып, "Қайратты" тұңғыш рет Еуропаның элиталық турниріне алып шықты.