фото: olympic.kz. Суретте: Ризабек Айтмұхан
Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатының финалына өте алмады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жартылай финалда 97 келі салмақ дәрежесінде белдескен Ризабек Айтмұхан жапондық балуан Арас Ёсидадан ауыр есеппен ұтылды – 0:10.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан – ересектер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионы. Ол бұл алтынды Белградта өткен жарыста жеңіп алған еді. Сондай-ақ 21 жастағы спортшы 2023, 2024 және 2025 жылдары қатарынан үш рет Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған.