58 жасқа қараған шағында Ресейдің белгілі театр және кино актері Геннадий Назаров дүниеден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz. Қайғылы хабарды 26 қазанда Мәскеудегі «Петр Фоменко шеберханасы» театры растады.
«Жарық жаны жәннатта болсын. Достары мен туыстарына көңіл айтамыз», — делінген театрдың ресми жазбасында.
Геннадий Назаров алғаш рет кино әлеміне 1994 жылы Владимир Войновичтің «Солдат Иван Чонкиннің өмірі мен ғажайып оқиғалары» атты шығармасының экранизациясында басты рөлді сомдау арқылы қадам басты.
Оған бүкілресейлік танымалдықты Петр Тодоровскийдің «Неткен ғажап ойын» (1995) атты фильмі алып келді. Сонымен қатар актер 1990-жылдары Георгий Данелия, Николай Досталь, Андрей Кончаловский және Алла Сурикова сияқты әйгілі режиссерлердің туындыларына түскен.
Өкінішке қарай, ауыр дертке шалдығуына байланысты Назаров 2009 жылдан бастап кино мен театр сахнасынан кетуге мәжбүр болған.
