фото: uww.org. Суретте: балуан Ризабек Айтмұхан
Қазақстандық еркін күрестің жас жұлдызы Ризабек Айтмұхан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында сенсациялық нәтиже көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бүгін кілемге шыққан астаналық балуан әр қарсыласын ешқандай мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен ұтты. Ризабек барлық белдесуін мерзімінен бұрын аяқтап, бар болғаны бір ғана ұпай жоғалтқан.
Ризбек Айтмұханның нәтижелері:
- Біліктілік кезеңі – Ибрахим Бенеколи (Түркия) – 11:1
- 1/8 финал – Аймар Егиноа (Испания) – 10:0
- 1/4 финал – Гарроуз Куекабакила (АҚШ) – 11:0