Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

фото: Ueslei Marcelino - Pool/Getty Images. Суретте: Сәкен Бибосынов

Қазақтың танымал боксшысы Сәкен Бибосынов (2-0, 1 КО) кәсіби рингтегі екінші кездесуін өткізіп, тағы бір жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Сәкен Бибосынов Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен бокс кешінде жергілікті спортшы Адилет Качкынбековпен қолғап түйістірді. Бұл қырғыз боксшысы үшін кәсіби аренадағы алғашқы жекпе-жек болды.

Кездесу толық алты раундқа созылып, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен (60-53, 60-53, 58-55) Сәкен Бибосынов жеңімпаз атанды. Осылайша, ол өзінің екінші кәсіби жеңісіне қол жеткізсе, қарсыласы алғашқы жеңілісін тіркеді.

Айта кетейік, Сәкен Бибосыновтың дебюттік жекпе-жегі де Бішкекте өткен болатын. Биыл 20 шілдеде ол филиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.