фото: ашық дереккөзден
Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері, атақты дубляж шебері Алексей Золотницкий 79 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы оның ұлы хабарлады.
Алексей Золотницкийдің есімі тек ресейлік театр мен кино тарихында ғана емес, сонымен қатар дубляж өнерінің алтын парақтарында мәңгі қалдц. Ол ондаған жылдар бойы әлемге әйгілі актерлердің – Ален Делон, Роберт Де Ниро, Энтони Хопкинс, Роберт Редфорд және Роуэн Аткинсонның дауысын дыбыстаған.
Тіпті "Мистер Бин" рөліндегі Роуэн Аткинсон да оған өз алғысын білдіріп, "Үш күн Кондорда" фильміндегі шебер жұмысы үшін алғыс хат жолдаған.
Золотницкий кең танымалдылыққа "Он кішкентай қара нәсілді" фильміндегі Роджерс рөлі арқылы ие болды. Сондай-ақ ол "Бруклинге пойыз", "Қара шаршы", "Коррида түсі" сияқты туындыларға түскен.
