фото: Craig Williamson/SNS Group via Getty Images. Суретте: "Қайрат" футбол клубы
Бүгін, 26 қазанда футболдана Қазақстан Премьер лигасының соңғы туры өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Чемпиондық атаққа басты үміткер саналатын "Қайрат" футбол клубы өз алаңында елордалық "Астана" командасын қабылдады. Алматының Орталық стадионында өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойынның 15-минутында "Астана" капитаны Марин Томасов есепті ашса, матчтың 56-минутында "Қайраттың" шабуылшысы Дастан Сәтпаев есепті теңестірді.
26-турға дейін "Қайрат" футбол клубы 58 ұпаймен көш бастап келді. Ал "Астана" командасы 56 ұпаймен екінші орынға жайғасқан. Ел біріншілігіндегі чемпиондық атақ соңғы турда шешілді. Екі команда арасындағы тең ойынның нәтижесінде "Қайрат" футбол клубы 59 ұпаймен футболдан биылғы Қазақстан Премьер лигасының чемпионы атанды. Сондай-ақ алматылық ұжым келесі жылы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.