фото: Offside.kz коллажы. Суретте: Дінмұхаммед Қашкен мен Талғат Байсуфинов
Қоғам тарапынан туған үлкен резонанстан кейін ұлттық құраманың бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қорғаушы Дінмұхаммед Қашкенді қараша айында өтетін ойындарға арналған кеңейтілген құрамға қоспады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Байсуфинов 38 ойыншының тізімін жариялағанымен, Қашкеннің аты бұл жолы тізімне енбеді.
Осыған дейін футбол жанкүйерлері мен сарапшылар арасында Дінмұхаммед Қашкеннің қазан айындағы матчтарға шақырылуы үлкен пікірталас туғызған болатын. 7 қазан күні ол Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға шақырылған еді.
Дау тудырған басты себеп – футболшының спорттық бабында болмауы. Соңғы екі айда Қашкен небәрі бірнеше матч өткізген. Биылғы маусымда ол 13 матчқа қатысып, бар болғаны 776 минут ойнаған.
Қарашадағы кеңейтілген тізімде Қашкен тіпті 38 ойыншының қатарында да жоқ. Қазақстан құрамасы келесі ойындарын өткізеді:
- 15 қараша – 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Бельгияға қарсы үйдегі матч;
- 18 қараша – Хорватияда өтетін Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесу.
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 3 қарашада Астанада басталады.