Сәкен Бибосынов қатысатын кешке Хасанбой Дусматов шықпайтын болды

Сәкен Бибосынов қатысатын кешке Хасанбой Дусматов шықпайтын болды

фото: Mustafa Ciftci/Anadolu via Getty Images. Суретте: Хасанбой Дусматов

Өзбекстандық танымал боксшы Хасанбой Дусматов аса жеңіл салмақтағы IBF чемпиондық титулы үшін өтуі тиіс жекпе-жегіне қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Дусматовтың қарсыласы мексикалық Рене Калисто болуы тиіс еді. Алайда ресми салмақ өлшеу кезінде өзбек боксшысы рұқсат етілген межеден 1,36 келіге артық болып шыққан. IBF ережесіне сәйкес, ол жекпе-жек өтетін күнге дейін артық салмақтан арылуға тиіс еді, бірақ денсаулығына байланысты бұл мүмкін болмады.

Осылайша, Дусматов рингке шығудан бас тартуға мәжбүр болды және чемпиондық белбеу үшін таласу мүмкіндігінен айырылды.

Айта кетейік, Хасанбой Дусматов – екі дүркін Олимпиада чемпионы, сондай-ақ Әлем және Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның үш дүркін чемпионы.