45 метрден гол өткізген Шерхан Қалмырзаға ресейліктер көлікті қайтарсын деп жазды

45 метрден гол өткізген Шерхан Қалмырзаға ресейліктер көлікті қайтарсын деп жазды

фото: 1bol.kz коллажы

«Қайрат» клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырза Қазақстан Бірінші лигасының 26-туры аясындағы «Қайрат-Жастар» мен «SD Family» арасындағы ойында күтпеген сәттің басты кейіпкеріне айналды. Ол алаң ортасынан бағытталған соққыдан гол өткізіп алды, деп Sportinside.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл сәт Ресейдің әйгілі Sport Baza Telegram-арнасының назарынан тыс қалмады. Арна қақпашының әрекетіне қатысты әзіл аралас жазба жариялап, Шерханға қатысты қалжың түріндегі пікір білдірді.

«Чемпиондар лигасында «Қайраттың» қаһарманы болған Шерхан Қалмырза енді Қазақстан Бірінші лигасында алаң ортасынан гол өткізіп алды. Тіпті Мбаппе де бұндайға бармаған шығар. Ал жақында «Реалмен» болған матчтан кейін оған мінсіз ойыны үшін жол талғамайтын көлік сыйланған еді. Енді оны қайтаруға тура келе ме?» — деп жазды ресейлік басылым.

Қызықты жайтқа қарамастан, «Қайрат-Жастар» бұл ойында қарсыласын 5:1 есебімен сенімді жеңді. Бұл нәтиже командаға турнирлік кестеде позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.

Еске салайық, Шерхан Қалмырза бұған дейін УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде мадридтік «Реалға» қарсы керемет ойын көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленген еді. Сол кездесуден кейін демеушілер жас қақпашының тамаша ойыны үшін оған жол талғамайтын автокөлік сыйлаған болатын.