фото: United World Wrestling. Суретте: Шұғыла Өмірбек
Қазақтың балуан қызы Шұғыла Өмірбек әйелдер күресінен өткен U23 жастар арасындағы әлем чемпионатында ел тарихындағы алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
21 жастағы спортшы Сербияның Нови-Сад қаласында өткен жарыста 55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалға дейін ол үш қарсыласын ұтып, шешуші белдесуде түрік балуаны Туба Демирмен кездесті. Тартысты өткен финалда Шұғыла 12:8 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды.
Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионаты 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақытқа дейін ешбір қазақ қызы бұл турнирдің финалына шықпаған.
Бұған дейін Шұғыла Өмірбектің ең жоғары жетістігі – өткен жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдесі болатын.