фото: sportinside.kz коллажы
Бокстан Қазақстан құрамасының жетекші мүшелерінің бірі Абылайхан Жүсіповтің жары Индира Рахымберлина жұбайына арналған әсерлі тосынсыйдың видеосын жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Индира бұл видеоны Семейде өткен Қазақстан чемпионатындағы күйеуінің жеңісінен кейін бөлісті.
"Ол білмеген… Біз келгенін тіпті сезбеген! Күйеуімнің жарысына папа екеуміз жасырын келіп, папа 2 күн бұрын білдірпей қарап жүрді бойларын, мен қыздарды тастап, тек финалға келіп, сюрприз жасадық. Папасын көрген көзіндегі эмоциясын айта алмаймын, өзі мәз болды! Ал біз ше? Біз сол жерде өз көзімізбен оның жеңісін көрдік! Қуанышымызда шек жоқ! Осындай сәттер үшін өмір сүресің ғой! Жарайсың, чемпион! Сен өзіңнің мықты екеніңді кезекті рет дәлелдедің барлығына!" – деп жазды ол Instagram парақшасында.
Айта кетейік, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов Семейде өткен Қазақстан чемпионатының финалында 70 келі салмақ дәрежесінде алматылық Фарух Тоқтасиновты жеңіп, чемпион атанды.