Олимпиадада тарихи жүлдені жеңген спортшымыз туралы жағымсыз хабар тарады

Олимпиадада тарихи жүлдені жеңген спортшымыз туралы жағымсыз хабар тарады

фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нариман Курбанов

Қазақстанның ең үздік гимнасты Нариман Курбанов Джакартада (Индонезия) өткен әлем чемпионатында үздік үштікке ене алмады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Индонезия астанасында өткен финалда іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанған Нариман Курбанов финалда сәтсіз өнер көрсетті. Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері бұл жолы жетінші орынмен шектеліп, 13.533 ұпай жинады.

Айта кетейік, тағы бір қазақ спортшысы Зейнолла Ыдрысов та финалда өнер көрсетіп, 13.666 ұпаймен алтыншы орынды иеленді.

Нариман Курбановтың төмен нәтиже көрсетуіне жаттығу кезінде ат снарядынан тайып кетуі себеп болды. Осы қателік оның бағасына әсер етіп, төрешілерден төмен ұпай алуына әкелді.