Сүйінші, ағайын! Тоқаев қазақ жауынгері Шавкат Рахмоновты марапаттады

Сүйінші, ағайын! Тоқаев қазақ жауынгері Шавкат Рахмоновты марапаттады

фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Рахмонов

Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы еліміздің дамуына зор үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Солардың қатарында аралас жекпе-жектегі қазақстандық даңқты спортшы Шавкат Рахмонов та бар.

"ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен даңқты спортшы Шавкат Рахмонов марапатталады. Ол Қазақстанның атын әлемге танытып, ел мерейін асқақтатып жүр", – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов – UFC-де бірде-бір рет жеңіліп көрмеген қазақ файтері, әлемдік спорт аренасында ел намысын абыроймен қорғап жүрген спорт саңлағы.