Өзбектің даңқты боксшысы жас талант Төрехан туралы шындықты айтты

Өзбектің даңқты боксшысы жас талант Төрехан туралы шындықты айтты

фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Төрехан Сабырхан

Танымал айтыскер ақын Бек Шымат YouTube желісіндегі "Бірінші гол" арнасына берген сұқбатында жас боксшы Төрехан Сабырханға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Біз Әндіжанда кездестік. Ол маған: "Егер жолда полиция тоқтатса, маған хабарлас", – деді. Кейін мен Ташкентке кетіп, бәрін өз беделімен шешіп береді деп ойлаған едім, бірақ ол расында подполковник болып шықты. Сондай-ақ оның көлігінің нөмірі – 001 GGG екен. Бұл нөмірді ол Геннадий Головкиннің құрметіне таңдаған екен. Өзін Головкиннің үлкен жанкүйері санайды және оны қатты құрметтейтінін айтты. Сондай-ақ ол қазақтың жас боксшысы Төрехан Сабырханды жоғары бағалайтынын айтты", – деді Бек Шымат.

Айта кетсек, Хасанбой Дусматов – Өзбекстан бокс құрамасының жетекші спортшыларының бірі. Қазіргі таңда ол ұлттық команда сапында өнер көрсетумен қатар, кәсіпқой бокста да өз бағытын жалғастырып келеді. Сонымен бірге, ол екі дүркін Олимпиада чемпионы атағына ие әйгілі боксшы ретінде танылған.

Ал Ливерпульдегі әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақ санатында алтын медаль жеңіп алған.