фото: ufc.com. Суретте: Азат Мақсұм
UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі өкілі Азат Мақсұм (15-2) Абу-Дабиде өтетін UFC 321 турнирі алдында салмақ өлшеу кезінде шектеуден асып кеткені үшін айыпқа тартылды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ресми өлшеу кезінде Азат Мақсұм өз салмақ шектеуінен асып кетті – ережеге сай 57,15 келіден (126 фунт) аспауы тиіс еді, алайда оның салмағы шамамен 1,5 келіге (3 фунт) артық болып шыққан. Осы себепті спортшы өзінің гонорарының 30 пайызын қарсыласы – америкалық Митч Рапосоға (9-3) беруге міндеттелді.
Ал Митч Рапосо болса, еш қиындықсыз белгіленген норманы орындады – оның салмағы 56,9 кг (125,5 фунт) болды.
UFC ұйымдастырушыларының мәліметінше, 24 қазан кешінде журналистер мен ресми тұлғалардың қатысуымен салтанатты "салмақ өлшеу рәсімі" өтеді, ал негізгі турнир 25 қазанда, сенбі күні Абу-Дабиде өтеді.