"Арамызда ештеңе қалмайды, бәрі бәрін біледі": Мөлдір Мұқан ел естімеген жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

"Арамызда ештеңе қалмайды, бәрі бәрін біледі": Мөлдір Мұқан ел естімеген жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Белгілі театр және кино актрисасы, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқан Instagram парақшасында өз өміріндегі маңызды жаңалығын бөлісті.

Өнер иесі алғаш рет киноға түсіп, бұл жұмысын өмірінің ерекше кезеңімен байланыстырғанын айтты:

"Достар, мен кино түсірдім! Өмірімнің өтпелі кезіндегі көп шешімдерімнің бірі – осы туынды. Өтпелі кезеңдегі сезімдерімді көрсеттім. Кинодағы алғашқы дебютім. Қобалжып тұрмын! Қолдауларыңызды күтем", – деп жазды актриса.

Мөлдір Мұқан жаңа фильмінде қазақ қоғамының заманауи бейнесін көрсетуге тырысқанын атап өтті:

"Бұл фильмде мен бірнеше арманымды орындадым. Соның бірі – қазақтың ауылда, тым қарбайыр тіршілігін емес, керісінше эстетикаға толы, заманауи өмірді, сұлу Астанамызды көрсеттік. Шын ғой, қазір көбі әдемі жарқыраған үйлерде өмір сүреді, әдемі ас ішеді. Қашанғы Түрік сериалдарындағы Босфорға, Корей киноларындағы әдемі қалаларға тамсана береміз?! Бұл кино тек менің өмірім жайлы емес, бәріміздің қазіргі өміріміз туралы! Достық, отбасы, ауызбіршілік сияқты құндылықтарымды көрсеткім келді", – деді ол.

Жазбасының соңында актриса қызығушылық тудырған жұмбақ жол қалдырды.

"20 қарашадан кейін арамызда ештеңе қалмайды. Бәрі бәрін біледі", – деп аяқтады ол.

Admin
Admin
Автор