Қазақстанның үздік спортшысы басқа елдің намысын қорғайтын болды

Қазақстанның үздік спортшысы басқа елдің намысын қорғайтын болды

фото: ашық дереккөзден

Қазақстан спортының жұлдызы Джансель Дениз енді Сингапур таеквондо құрамының мүшесі атанды, деп Sportinside.kz тілшісі Sportarena.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда бастапқыда спортшының ол елге қандай мәртебеде барғаны беймәлім болған еді. Дереккөздің мәліметінше, енді бұл сұраққа да нүкте қойылды: Джансель Дениз Сингапур атынан спортшы ретінде емес, бапкер ретінде халықаралық аренада таныстырады. Тіпті ол ұлттық құраманың бас бапкері болуы мүмкін деген болжам бар.

Бір нәрсе анық – Джансель Дениз ресми түрде спорттық мансабын аяқтады.

Сонымен қатар, оның бапкер ретіндегі алғашқы жарысы 2025 жылғы әлем чемпионаты болмақ.