фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы
WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) өзінің басты мақсатын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Мен чемпион атанған күннен бастап, белбеулердің бәрін жинау үшін бар күшімді салып келемін. Ешбір чемпионнан қашпадым, керісінше мен олар қуып келемін! Қазір менің екі белбеуім бар, енді тағы екеуі керек", –деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, 6 желтоқсан күні Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) жұдырықтасады деп жоспарланған. Жекпе-жек АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласында өтеді.
Қазіргі таңда бұл айқас – Әлімханұлының мансабындағы ең маңызды қадамдардың бірі саналады. Егер ол жеңіске жетсе, қазақ боксшысы орта салмақтағы үш чемпиондық белбеудің иегері атанбақ.