Ұлттық құраманың үздіктері Әлем кубогының финалдық кезеңіне қатыспайтын болды

Ұлттық құраманың үздіктері Әлем кубогының финалдық кезеңіне қатыспайтын болды

фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Айбек Оралбай

Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин жыл соңына дейінгі команданың жоспарын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"1-14 қараша аралығында бізде оқу-жаттығу жиыны өтеді. Өздеріңіз білесіздер, Үндістанда әлем кубогының соңғы кезеңі өтеді. Біз әр салмақ дәрежесіне үш спортшыдан жібереміз, жалпы бес үздік боксшы Қазақстан намысын қорғайды. Сондай-ақ әлем чемпионатына қатысқан қыздар бұл жиынға келмейді. Олар жаттығуды желтоқсан айында қайта бастайды", – деді бапкер.

World Boxing ұйымының Әлем кубогының финалы 17-22 қараша аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында өтеді. Бас бапкердің шешімі бойынша 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары бұл турнирге қатыспайды.

Айта кетсек, Ливерпульдегі World Boxing әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы 6 жүлдеге қол жеткізді. Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Наталья Богданова – алтын медаль еншілесе, Назым Қызайбай – күміс медальді қанжығасына байлады. Ал Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова қола медальді иеленді.