фото: sarote pruksachat / Getty Images
Қырғызстанның Ош қаласында орын алған қайғылы оқиға жұртты есеңгіретті. Өрт салдарынан 34 жастағы әйел мен оның жасы 13, 11, 9, 6 және 2-дегі бес баласы көз жұмды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 22 қазан күні таңғы сағат 5:52-де тіркелген. Орозбеков көшесіндегі тұрғын үйдің жертөлесінде сағат 3:30 шамасында басталған өрт аз уақыт ішінде бүкіл үйді шарпыған. Тілсіз жау шатырға дейін жетіп, тек 6:25-те толық оқшауланған.
Құтқарушылар үй ішінен әйел мен бес баланың денесін тапқан. Алдын ала деректер бойынша, өрттің шығуына электр пешінің ақауы себеп болған.
Белгілі болғандай, марқұм әйелдің жұбайы Оңтүстік Кореяда еңбек етіп жүрген.