Сол түні отбасымен қимай қоштасты: Танымал футболшы жол апатынан қаза тапты (ФОТО)

Сол түні отбасымен қимай қоштасты: Танымал футболшы жол апатынан қаза тапты (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Бразилиялық футболшы жол апатынан көз жұмды. "Пиауи" клубының 20 жастағы шабуылшысы Антони Илано мотоцикл айдап келе жатып, сиырға соғылып, қаза болған, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қайғылы жағдай футболшы әкесінің туған күнінен қайтып келе жатқан сәтте болған.

Федералды жол полициясының мәліметінше, апат 20 қазанда Алтус қаласында тіркелген. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Болжам бойынша, жол бойында бес сиыр өтіп бара жатқан кезде спортшы мотоциклмен олардың соңғысына соғылған.

Марқұмның достарының айтуынша, сол күні олар футболшының әкесінің туған күнін атап өткен. Ал Илано апаттың алдында әкесімен және қонақтармен түскен суретті жариялап, оған "Жақындарым" деп жазба қалдырған.