"Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков әлем алпауыттарын таңғалдырды (ВИДЕО)

"Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков әлем алпауыттарын таңғалдырды (ВИДЕО)

фото: instagram.com/f.c.kairat. Суретте: Темірлан Анарбеков

УЕФА "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбековтің Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі дебюттік ойынында жасаған әсерлі сейвін үздік сәттердің бірі ретінде атап өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

22 жастағы Темірлан Анарбеков Кипрдің "Пафос" командасына қарсы матчта қақпаға бағытталған жартылай қорғаушы Влад Драгомирдің қауіпті соққысын шебер тоқтатқан. Бұл сейв УЕФА жариялаған аптаның үздік сәттер топтамасына енді. Тізімге сондай-ақ "Наполи", "Интер", "Вильярреал", "Барселона", "Бенфика" және "Копенгаген" қақпашыларының да сейвтері кірді.

"Сейв көп болды. Сізге қайсысы көбірек ұнады?" – делінген УЕФА-ның ресми парақшасында.

Осы ойында Темірлан Анарбеков өзінің Чемпиондар лигасындағы алғашқы кездесуінде бес сейв жасап, мамандар мен жанкүйерлердің жоғары бағасын алды. Тіпті статистика бойынша ол "Ливерпуль" қақпашысы Алиссонмен бірдей көрсеткішке жетті.

Ал қақпашы Шерхан Қалмырза 11 сейвпен үздік бес голкипер қатарына енді.