Сүйінші, ағайын! Қазақстан чемпионы Сабыржан Аққалықовқа пәтер берілді

Сүйінші, ағайын! Қазақстан чемпионы Сабыржан Аққалықовқа пәтер берілді

фото: olympic.kz. Суретте: Сабыржан Аққалықов

Жас боксшы, әлем және Қазақстан чемпионы Сабыржан Аққалықов өзіне уәде етілген пәтердің кілтін қолына алды. Бұл жаңалықты спорт журналисі Аслан Қаженов Спорт министрлігінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады Sportinside.kz.

"Семейдегі ішкі біріншіліктің ең қуанышты жаңалығы осы мен үшін. Бірер ай бұрын "әкім неге уәдесін орындамайды?" деп жазған едім. Ол кезде Сабыржан жастар арасында әлем чемпионы атанған соң жергілікті әкім пәтер сыйлауға уәде беріп, кейін бұл сөз ұмыт қалған болатын. Енді, араға 3-4 жыл салып, сол уәде орындалды", – деп жазды журналист.

Аққалықовқа Қарағанды облысының Шахтинск қаласынан екі бөлмелі пәтер берілді.

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов бұған дейін жастар арасында әлем чемпионы, әлем кубогының жеңімпазы, Қазақстан чемпионы, сондай-ақ ел біріншілігінің "ең үздік боксшысы" атағын иеленген.