Сүйінші, ағайын! Президент Тоқаев бар қазақты қуантатын хабарды айтты

Сүйінші, ағайын! Президент Тоқаев бар қазақты қуантатын хабарды айтты

фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытының ашылуына қатысып, қазақстандықтар үшін көптен күткен жеңілдетілген автонесие бағдарламасының қайта іске қосылғанын мәлімдеді.

Президент өз сөзінде Үкіметтің халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған шараларын атап өтіп, енді ел азаматтарына көлікті лизинг арқылы алу мүмкіндігі ұсынылатынын жеткізді.

"Енді азаматтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылады. Соның арқасында автокөліктер халыққа мейлінше қолжетімді бола түспек. Елімізде KIA Qazaqstan зауытының іске қосылуы осы саланы технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға зор серпін берері сөзсіз. Кәсіпорын болашақта басқа да жаңа көлік түрлерін шығарады деп сенемін. Осылайша, әлемдік озық талаптарға сай көліктерімізді сыртқы нарыққа, яғни шетелге шығаруға мүмкіндік болмақ. Қазақстан жаһандық автокөлік өнеркәсібінің дамуына бар күш-жігерін салуға дайын", – деді Президент.

Admin
Admin
Автор