фото: "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: Темірлан Анарбеков
"Қайрат" пен кипрлік "Пафос" арасындағы Чемпиондар лигасы ойыны тең нәтижемен аяқталғаннан кейін, жанкүйерлер Темірлан Анарбековтың ойынына жоғары баға беріп, әлеуметтік желіде мақтау пікірлерін қарша боратты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
X желісіндегі 45 мыңнан астам жазылушысы бар José есімді қолданушы қақпашының шеберлігін ерекше атап өтті.
"Анарбеков Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында бес сейв жасады. Оның реакциясы керемет! Егер осылай жалғастырса, жақын арада Еуропа клубтарына ауысуы мүмкі"», – деп жазды спорт сарапшысы.
Қазақстандық жанкүйерлер де Threads желісінде Темірланның ойынына риза екенін білдірді.
"Анарбеков – нағыз батыр! Ол жеңіс үшін өз денсаулығын да қатерге тігеді. Мұндай қақпашыны бағалау керек", – деп жазды madin.s атты қолданушы.
Goal_kz мәліметінше, дәл осы матчта Анарбеков бүкіл команданы ұяттан құтқарып қалды.
"Анарбеков – матчтың үздік ойыншысы. Бүгін бізді масқарадан аман алып қалған адам дәл осы", – деп жазылған жарияланымда.