фото: Абай Жансарбаев / "Қайрат" ФК. Суретте: "Қайрат" футбол клубының ойыншылары
"Қайрат" футбол клубының жетекшісі Қайрат Боранбаев команда өз алаңындағы келесі Чемпиондар лигасы ойындарын "Астана Аренада" өткізуі мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"УЕФА тарапынан бізге ойын өтетін орынды өзгертуге рұқсат берілді. Соңғы шешім 5 қарашада өтетін "Интерге" қарсы матчтан кейін қабылданады. Уақыт бар, ауа райына қараймыз. Біз барынша Алматыда ойнағымыз келеді, бұл – рас. Өз алаңымыз да, ойыншылар да дайын, бірақ ауа райы жанкүйерлер үшін қолайсыздық тудыруы мүмкін. Былтыр 12 желтоқсанда "Астана" "Челсимен" ойнағанда көрдік – өте суық болды", – деді Боранбаев.
Айта кетейік, "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы келесі өз алаңындағы матчтары 9 желтоқсанда "Олимпиакосқа" және 20 қаңтарда "Брюггеге" қарсы өтеді.