фото: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі биылғы Қазақстан чемпионатының үздік спортшыларын және үздік өңірлік командаларды жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
– Ерлер арасында үздік боксшы: Сабыржан Аққалықов (Қарағанды облысы)
– Әйелдер арасында үздік боксшы: Жазира Орақбаева (Алматы қаласы)
Үздік үш команда:
- Түркістан облысы
- Алматы қаласы
- Шымкент қаласы
Айта кетейік, 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда Сабыржан Аққалықов астаналық Тимур Нұрсейітовті нокаутпен жеңіп, чемпион атанды. Ал 51 келіге дейінгі салмақта Жазира Орақбаева Қарағанды облысының өкілі Анита Адишеваны ұтып, алтын медаль иеленді.