Бокстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті: Кімдер чемпион атанды?

Бокстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті: Кімдер чемпион атанды?

фото: Данияр Майлыбаев. Суретте: Абылайхан Жүсіпов

Семей қаласында бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Төменде ерлер мен әйелдер арасындағы алтын медаль үшін өткен жекпе-жектердің нәтижелері көрсетілген.

Ерлер арасындағы нәтижелер

  • 50 кг: Даниял Сәбит (Батыс Қазақстан облысы) – Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе облысы) – 5:0
  • 55 кг: Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) – Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) – 5:0
  • 60 кг: Серік Теміржанов (Павлодар облысы) – Бибарыс Жексен (Жамбыл облысы) – 4:1
  • 65 кг: Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы) – Ертуған Зейнуллинов (Алматы облысы) – 4:1
  • 70 кг: Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы) – Фарух Тоқтасынов (Алматы) – 5:0
  • 75 кг: Сабыржан Аққалықов (Қарағанды облысы) – Тимур Нұрсейітов (Астана) – Аққалықов екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді
  • 80 кг: Ерасыл Жақпеков (Абай облысы) – Диас Молжігітов (Жамбыл облысы) – Жақпеков бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті
  • 85 кг: Дәулет Төлемісов (Ақтөбе облысы) – Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы) – 5:0
  • 90 кг: Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) – Нұрмағамед Юсупов (Қарағанды облысы) – 3:2
  • +90 кг: Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы) – Аслан Елдібайұлы (Қызылорда облысы) – қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жекке шықпағандықтан, жеңіс Сапарбайға берілді

Әйелдер арасындағы нәтижелер

  • 48 кг: Әйгерім Сәттібаева (Жамбыл облысы) – Анель Құдайберген (Жетісу облысы) – 5:0
  • 51 кг: Жазира Орақбаева (Алматы) – Анита Әдішева (Қарағанды облысы) – 5:0
  • 54 кг: Элина Базарова (Шымкент) – Жайна Шекербекова (Шымкент) – 4:1
  • 57 кг: Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан облысы) – Карина Ибрагимова (Ақмола облысы) – 5:0
  • 60 кг: Римма Волосенко (Астана) – Анар Тұрсынбек (Жетісу облысы) – 4:1
  • 65 кг: Лаура Есенгелді (Шымкент) – Аружан Жанабаева (Түркістан облысы) – 4:1
  • 70 кг: Бақыт Сейдіш (Алматы) – Мадина Нұршаева (Шымкент) – 3:2
  • 75 кг: Валентина Хальзова (Астана) – Мария Сидоренко (Жетісу облысы) –5:0
  • 80 кг: Надежда Рябец (Қостанай облысы) – Анастасия Рылина (Қостанай облысы) – Рябец бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді
  • +80 кг: Валерия Аксенова (Ақмола облысы) – Әсел Тоқтасын (Алматы) – 4:1