«Енді есімім – Хадиджа»: әнші Индира Елемес азан шақырып, өз есімін өзгертті

«Енді есімім – Хадиджа»: әнші Индира Елемес азан шақырып, өз есімін өзгертті

фото: Фото ашық дереккөзден

Танымал әнші Индира Елемес енді Хадиджа есімімен танылатын болды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Әншінің айтуынша, есімін өзгерту туралы шешімді ол бұрыннан ойлап жүрген. Алайда анасының көңіліне қарап, бұл қадамға бірден бара алмаған.

«Есімімді өзгерткім келетін. Бірақ анам ренжіп қалар деп іштей тартынып жүрдім. 2023 жылы бір күні рухани оянып, имамды шақырдым. Одан есім ауыстыруға бола ма деп сұрадым. Қандай есімді қалайтынымды сұрағанда, “Хадиджа” деп жауап бердім. Содан азан шақыртып, құран оқытып, жаңа есімді ресми қабылдадым», – деді ол.