"Қос қолдап амандаспай ма?": Асанәлі Әшімов өз шәкіртін ұрды (ВИДЕО)

"Қос қолдап амандаспай ма?": Асанәлі Әшімов өз шәкіртін ұрды (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Қазақ КСР халық әртісі Асанәлі Әшімовтің видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті.

Видеода Асанәлі Әшімов өзінің шәкірті Жұмағали Махановты кітаппен "ұрып" жатқанын көруге болады. Бұл әзіл аралас түсірілген видеода шәкірті Жұмағали Маханов та ұстазының бұл әрекетіне күле қарады.

Жұмағали Маханов сұқбаттарының бірінде: "Театрға келген алғашқы күнім әлі есімде. Ол кезде біздің алдымыздағы аға буын ақсақалдарымыз – Шахан Мусин, Нұрмұхан Жантөрин, Ыдырыс Ноғайбаев, Жұмабай Медетбаев сияқты дүрлер еді. Сәбира Майханова, Бикен Римова, Шолпан Жандарбекова, Қадиша Бөкеева секілді апаларымыз бар еді ғой. Аттарын тізе берсек көп. Қазіргі ақсақалдарымыз Сәбит Оразбаев пен Асанәлі Әшімов ағаларымыз да болды. Әрқайсысы бір-бір тау. Мені қырық жыл театрға байлаған осы бәйтеректердің қамқорлығы шығар деп ойлаймын", – деп айтқан еді.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыздар.

Admin
Admin
Автор